В категории материалов: 34
Показано материалов: 31-34
Страницы: « 1 2 3 4

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Жақынды жаралама, алысты қаралама 

Мапайсарының аулы төменгі Топайлы қаласының аузында екен. Сырым аулына келгенде қарт азгантай қойының алдында жүр
екен.
- Аға кім болдыңыз? - деп сұрапты.
Малайсары:
- Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй танамыз-дағы, - депті. Сонда Сырым:
- Тананың қайсысың? Жеті үй - Жиенбекпісің? Бес Үй Бессарымысың? Тышқан құлақ - Асанбысың? Төлеуден алған Құнанбысың? - дегенде Малайсары:
- Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың? Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген, бір қу аяқ баласы атқа мінді деп естіп едім. Сен сол бала боларсың, - депті. Сонда Сырым: "Пәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз - мына астымдагы атым, шапаным мынау! - деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті.
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Мінезің ауыр болсын 

Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:
- Менің сізге келген жұмысым - біріншіден, сіздің батаңызды алайын деп келдім, екіншіден, ақыл сұрайын деп келдім, - дейді. Сонда Бөкен: "Саган батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай екенсің?- деп бата береді:
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын.
Өкпең жоқ кеудеңде бауыр болсын,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың алпысқа жетпесін, - дейді.
Батасын бергеннен кейін: "Мен недесем де бәрінің мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айырып бер”, - дейді Бөкен карт. Сонда Сырым:
- Арқан көп мінгеннен жауыр болсын дегенің- халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл, - дегенің. Мінезің кара жердей ауыр болсын дегенің - беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегенің. Өкпең жоқ кеудеңде бауыр болсын дегенің - не болса соған өкпелеп, инені жіпке тізіп өкпешіл болма - дегенің. Құлагыңнан сыбыр кетпесін дегенің - ел арасында дау-жанжал көп кездеседі, сол мәселені өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс төресін бере біл - дегенің. Жасың алпысқа жетпесін деген батаңызга мен түсіне алмадым, - депті.
Сонда Бөкен қарт Сырымға ақырған екен:
- Мен сенен құдайдың берген жасын қызғанам ба, жүз алпысқа кел. Менің жасым сексен төртке келді. Алты бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты бәледен аулақ болсын деп едім. Ол мыналар: үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге сия алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік женді, - міне, алты бәле деген осы. Бұған қалай түсіндің? - дейді Сонда Сырым батыр:
- Үлкен үйге кіре алмадым дегеніңіз, адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылады. Кіші үйге сия алмадым дегеніңіз өзінен жасы кіші адамдардың үйіне жасы үлкен адам адам шақырусыз бара алмайды. Қара сақалды әкем дегеніңіз өзіңнен туған кей бала, есейген соң әкенің тілін алмайды, әкені дұрыс баға білмейді. Бір сөз айтсаң бетіңді қайырып тастайды. Қара шашты шешем дегеніңіз сол баланың әйелі, келінің. "Осы шалга не керек екен, берген асты ішіп жата бермей”,- дейтін шыгар. Сырымға қарап Бөкен басын шерткен екен.
Сырым оған 'аузын ашып, тілін көрсетіпті. Сырымның қасындағы жолдастары: "Бөкең саған неге шертті, оған сен аузыңды ашып, тілінді шығардың, ол не сөз?”- дейді. Сонда Сырым: "Ол кісі маған басын шерткені - басқа бәле қайдан келеді”,- деген жұмбагы еді; менің оған тілімді көрсеткенім: "Басқа бәле қызыл тілден келеді дегенім”,- депті
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Қасенханның асан қайғы аталуы

Асанқайғының шын аты Қасенхан екен. Ол он үш жасар бала күйінде шүршіттің ханы Еженхан қазақтарға: «Айғырын кісінетпесін!» деп жарлық, қылыпты.
— Егер, далада жүрген қазақтың айғыры кісінесе, менің қорадагы биелерім құлын тастайды. Айғыры кісінегеннің басы айдауда, малы талауда болады,— депті.
Жұрт мұны естіп, уайымға түсіп, күйзеліпті. Он екі жасар Қасенхан халыққа:
— Бұл үшін уайым жемендер. Қырық желмая тауып беріңдер. Ежен ханға барып, бұл жарлығын қойдырайын сөйтіп келісімін алып келейін,— депті.
Ел болып жиылып баланың айтқанын дайындап беріпті. Бала қырық мергенді ертіп, жел мая мініп, шүршіттің ханына жөнеліпті. Шаііардың шетіне кіргеннен-ақ «әу» деп үрген итті ата беріпті. Иттің иелері:
— Бұның қалай, жазықсыз итімізді неге атып қырып келесіқдер, - десе, « Елібайдан келе жатқан елгіш, не арыздарын болса, хандарыңа барып айтындар. Жауабын ханың арқылы беремін»,— деп жүре беріпті. Ханы:
— Олар келсін, себебін сұрап біліп көрерміз,— деп, Хасенді кісі жіберіп, шақыртыпты. Олар келіп ханга жолыққан соң, хан:
— Еліп болғандарың қалай? Келе елімізді бөрліктіріп ойран салғандарың қалай?—дейді. Сонда Қасенхан бала:
— Тақсыр! Оның мәнісі бар. Кішкене күнімде әкем маған бақтырды. Далада жүргенімде қасқырлар келіп қамады. Сонда
Мен көмекке ойдын да итін шақырдым, қырдын да итін шақырдым, ЩаЬардың да ихін шақырдым. Бір ит келіп ара түспеді. Сонда ант 1Шкен едім: ойдын да итін атармын, қырдын да итін атармын, ЦіаЬардың да ит|н атамын,— деп. Сол сертіме жетейін деп ит
біткенді қиратып атып келе жаткан жайым бар!— депті. Сонда хан:
— Тентек шіркін! Қазақтың мидай даласында жүріп сенің айқай салған дауысынды біздің шаЬардың, иті қайдан естісін?— дейді. Сонда Қасенхан айтыпты:
— Айғыр дауысын қорадағы бие естіген жерден, кісі дауысын ит естімеуші ме еді?
— Қап, бала! Мені табандатып ұрдың-ау! Мен ұтылдым, қалағанынды ал!—депті хан,
— Хан, олай болса, елімнің билігін өзіме берсең болады!—
депті.
— Бар, бердім, қазақ, деген жұртқа өзіңді хан сайладым!— депті Ежен. Содан былай Қасен Асан «хан» атанып кетіпті
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Білгендерден ғибратал 

Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шагында, Эсер би көрісе кеп былай деген екен:
- Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы, - депті.
Сонда Абыз былай дейді:
Ата-ананың қадірін Балалы болганда білерсің.
Ағайынның қадірін Жалалы болганда білерсің.
Балалықтың қадірін Саналы болганда білерсің.
Асыл менен жасықты Бағалы болганда білерсің.
Бостандықтың қадірін Жабылганда білерсің Қалтандағы ақшанды Қағылғанда білерсің. 
Ден саулықтың қадірін Ауырғанда білерсің Ак бекетіңнің қадірін Қан кеткенде білерсің Жиырма бестің қадірін Жас өткенде білерсің. Қара көздің қадірін Нұр кеткенде білерсің. Татулықтың қадірін Дос кеткенде білерсің. Жақсы әйелдің қадірін Өлгенінде білерсің. Жақсы туыс қадірін Көмгенінде білерсің. Аяқ-қолдың қадірін Ақсағанда білерсің. Отыз тістің қадірін Қақсағанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін Тоқтағанда білерсің Білгеніңці сөйлеп қап, Білгендерден ғибрат ал!
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.