В категории материалов: 34
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Дүниеде не жетім

- Бұл дүниеде не жетім? Санай берсең көп жетім Үйрек, қаз қалқып ұшпаса Дария - шалқар көл жетім. Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел жетім. ұлығы әділ оолмаса, Төресін түзу бермесе, Болады байтақ ел жетім Өз бетімен білмесе,
А.Йтқан сөзге ермесе, Үқпасқа айтқан сөз жетім. Замандасы болмаса Өкей жастың ішінде Қария болар тез жетім.
Қара касты, қыпша бел Сыландаса алдында,
Сөзіңді қабыл алмаса,
Құр қараған көз жетім. Еңбегі еш, тұзы сор, Кергенсіз болса қатыны, Өмір бойы ер жетім.
Жаман болса барғаны, ішінде көп арманы Наданға барған жақсы әйел, Білер болсаң бұл жетім. Бабын білмей иесі Аяғына қан түскен,
Үлы дүбір жиында Қосылмаған ат жетім. Дүниеден өтсе данышпан Жүйріктермен жарысқан, Оқитын ие болмаса Жазулы қалған хат жетім
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Арыстанның белгісі

Арыстанның белгісі- Айналып кетсе артына,
Ақырмайды деп еді.
Нар түйенің белгісі- Бүйрегін суырып алса да Бақырмайды деп еді Қас жақсының белгісі- Қанша уайым-қайғы көрсе де,
"Ah” - ұрмайды деп еді,
Ну қарағай кұласа,
Орнына орман-шыршалар Жапырақ шығып гүлденіп,
Бұтақ шығып бүрленіп.
Қиядан ұшқан қыран құс 
Кинактап өтпес демеңіз.
Айдын шалкар суалса,
Бүлак болар сарқырап Теңіз болар жарқырап,
АккУ жүзіп бетінде Тұрактап өтпес демеңіз.
Тұлпар орға жығылса,
Артында қалган құлын-тай Құнан-дөнен болғанда,
Тұлпарлык етпес демеңіз Аксұңқар торга шырмалса,
Ұяда қалган балапан Қара қанат болғанда Дуадақ ілмес демеңіз.
Қарызыңыз өнсе бітеді,
Шам жарығы сөнсе бітеді.
Қанша қызық дәурен сүрсең де,
Дүние қызығы өлсе бітеді.
Арыстан айға шауып мерт болса,
Артында қалган нәсілі Айға шаппас демеңіз.
Атаның салган жолына Баласы түспес демеңіз
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Қонақжаилық белгісі 

Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп, қол алсаң,- Бірінші еткен құрметің.
"Түсіңіз” деп түс беріп Шылбырына оралсаң,
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп апсаң, - Үшінші еткен құрметің.
Мейман риза болмағы Құрметпен үйге қонғаны.
Кешіктірмей шай берсең,
Умыт болар тоңғаны.
Тысқа шықса қария,
Қолында болсын құмғаны. ірікпесең барыңды,
Қонақжайлық сол-дағы.
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Баталы ер арымас

Үльі жүздің арасында Қайдар деген жігітті ел билемекке
белгілейді.
Сонда көпшіліктің ішінде бұрын жол көргендері айтыпты:
- Сен Аргын Алшағыр биден бата ал, "Баталы ер арымас' деген. Онсыз билікке айтқан сөзінде пәтуа болмайды, - дейді. Содан кеиін Қайдар Алшагырга келіп сәлемдеседі. Алшағыр: "Шырағым, жолың болсын, қандай бұйымтайың бар еді?” - депті. Қайдар бір- екі ауыз сұрайтын сұрағым бар еді” ,- дейді.
- Бірінші тумай жатып әкем өлді, туган соң үш айдан сон шешем өлді. Ер жетіп мал таптым, тапқаным құралмайды, ұраға жыгылады, ұры алады, өле береді. Жасымда жетім қылып зарлатты, өскен соң кедей кылып зарлатты, өскен соң кедей қылып қаксатты. Мен құдайдың несін алдым? Осыған айтар акылыңыз бар ма- депті.
Алшағыр айтыпты:
- Балам, сен жетім емессің ғой, дүниеде үш жетім бар.
Басшысы келіспесе ел жетім, ұқпасқа айтқан сөз жетім, жаңбырсыз жер жетім. Ол жетімдіктерге сен жатпайсың.
Бақ-дәулет келер болса,
Отыңның басы ұйым болар, үйің күнде мейман-жиын болар.
Кедейлік келер болса,
Бұта түбі үйің болар.
Кедейлікке қарсы тұр Келетұғын көрінбей.
Бір мінсе иығыңнан түспейді.
Қайнатқан қара желімдей.
Қарау болма ашық бол,
Сараңдыққа берілмей Мал тап, алысқа кет,
Жалкаулыкқа жеңілмей.
Мал арьістанның аузында,
Түрікменнің төрінде,
Табарсың оны қайраттансаң ерінбей.
Бак - дэулет келуіне мен кекпіл,
Ар- ұятыңды төкпей жүрсең, елірмей,
Атың Қайдар екен, айдарсың,
Топтап малды байларсың.
Тасымай жүр, тасыган төгілер Ақылмен жүрсең рулы елді жайларсың, - деп ақылын айтып, батасын беріпті
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
- Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?- депті. Жиналған халық көп дағдырап:
Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті. Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.
Сонда Жәнібек хан:
- Елде келмеген кім қалды?- деп сұрапты.
Келмеген Қарабас шешен қалды,- депті халық.
Жэнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан
сұрапты.
Сонда Қарабас: - Жетім үшеуі емес, бесеу еді ғой! - депті де: Оты жок жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тындаусыз сөз жетім,
Жоктаусыз қыз жетім, - дейді
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Ақылды деп кімді айтамыз?!

Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса
мырза:
Ақ сауыт деп нені айтамыз,
Арғымақ деп нені айтамыз?
Ақылды деп кімді айтамыз,
Ер жігіт деп кімді айтамыз? - деп сұрақ қойыпты.
Бұған Шоң:
Ақ сауыт деп айтамыз,
Атқанда оқ өтпесе.
Арғымақ деп айтамыз,
Желгенде жылқы жетпесе.
Ақылды деп айтамыз,
Тозған елді септесе.
Ер жігіт деп айтамыз,
Жауға тастап кетпесе! - депті.
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Түзде жүрсем батырмын

Толыбай деген кісі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай-мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан:
- Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр! - дейді.
- Ағалейкуміссалам, жайсаң мен қасқалар,
Кедейшілік ердің түсін басқалар.
Дүзде жүрсек батырмыз,
Үйде отырсақ қатынбыз,
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмыз.
Таудан үлкен талабым бар,
Ит ішпейтін шалабым бар,
Түссендер міне лашық,
Кетсеңдер жолдарың ашық!- депті Толыбай шешен. Сонда келген адамдар разы болып, ат, шапан беріп қасына ала жүрген екен.
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Жетес пен нияз 

Жақайым Шекті Жетес би бір даумен Шектінің назар Жексей деген еліне барыпты. Ол елде Нияз деген кісі би екен. Өзі ет женділеу адам болса керек. Ал, Жетес арық кісі екен. Бір сөздің кезегінде Нияз Жетеске:
- Уа, Жетежан, дауылпаз деген құс болады, дауысы жер жарады. Жанына барсаң, ұлтарақтай көн болады дегендей Жетес атың жер жаратын еді... - депті.
Сонда Жетес, оның сөзін бөліп:
- Уа, Ніке, оныңыз рас. Ерназар, Бекетті айдатқалы арлы шекті арық болды да, арсыз шекті семіз болды гой! – депті
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Қайтып кipep eciктi қатты серіппе

Орта жүз Қошқарұлы Жәнібек он үш жасқа келгенде ұлы жүзде Қараби деген аузы дуалы, өзі білімді би бар деген даңқын естіп, содан барып бата алуға жолға шығады. Ол қазақ пен қалмақтың жауласып жатқан кезі болса керек. Бұлардың барар жолын қалмақтар басып алып, олар өте атмай үйіне қайтып келіп үш жыл жатады.
Төртінші жылда жол ашылып, Жәнібек он алты жасында Қарабидің еліне келеді.
- Шырағым, кімнің ұлысың? - дейді Қараби.
- Қошқарұлы Жәнібекпін, - деп жауап береді бала.
- Мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, неге кешіктің? Жәнібек себебін айтады. Қараби қонақасын беріп, ертеңіне:
- Не қапайсың, шырағым? - дейді.
- Сізден бата алайын және өсиет боларлық өз аузыңыздан сөз еститін деп келіп едім, - дейді Жәнібек.
Сонда Қараби батасын беріп былай деген екен:
Бедері жоқ қамақадан,
Берік тоқылган бөз артық.
Берекеті жоқ ағайыннан,
Берік сөйлескен жат артық Пайданы алыстан қылғайсың Залалды жақыннан қылғайсың Тышқан да інінің айналасына оттамайды,
Оны да есіңе алғайсың.
Қайтып кірер есікті Қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа Қайрылмастай сөз айтпағайсың.
Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен Кем де, қор да болмайсың
Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0
Мүсет пен саққұлақтың қағысуы

Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ Мүсетті бұрын көрмеген екен.
- Кімсің- ей? - депті.
- Уа, мен Керей Мүсетпін, - депті.
- Е, Керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет Сен бе едің? — депті.
Сонда Мүсет:
- Е, кешегі заманда елінді жау шауып, қызыңды қатын,
қатынынды отын қылған екен, о да менің қырсығым болғаны ма? - депті. Саққұлақ сөзден тосылып қалып, қылышын ала ұмтылыпты. Мүсет үндемей үйден шығып кетіпті. Оны көріп Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп:
- Е, Мүсеке, би атама сәлем бермедіңіз бе, жол болсын? -
депті.
- Ағама барып едім, жынданып жатыр екен, - депті Мүсет.
- Олай болса, би, біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз, - депті Нұралы.
Мүсет "жарайды” депті де ілесіпті. Есікке жақындағында бұрылып Саққұлақ Мүсеттің сәлемін алып:
- Эй, Мүсет-ай, жарайсың, мені екі өлімнен алып қапдың-ау, жұрт мақтаса - мақтағандай екенсің,- депті. - Өйткені мен қылыш ала ұмтылғанда шабуым керек еді, шаптырмадың. Ол бір. Екінші, сол бетіңмен кетіп қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма?
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.