Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0

Орал таудың ор түлкісі

Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз агайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Соны Абылай біліпті. "Мені басынганы гой”, - деп на-мыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жоргалап: "... Тоғыз айыппен жолыңызды алып кетіңіз, байқаусызда балалықпен болған гой”, - дейді.
Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер: "Бұл сізге қыр көрсеткені деп біліңіз, мұны басуыңыз керек”, - деп шагыстырып отырган соң: "Мен малға қуана алмаймын, тентек інінді өлтірмей ашуды баса алмаймын”, - дейді Абылай. "Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын”, - дейді Бекболат. Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан тақтырып ала жөнеледі. Сол күні түстікке бір көгал жерге келіп қонган соң, Абылай: "Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар”, - деген соң: "Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстандар” дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасындагылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір тебе еді,- дейді Абылай. Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, әлден уақытта кайта шауып келіп, әлгідей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі Айнала қуса ит жетпес.
Орал таудың ақ иығы,
Ақ иық келсе, тек кетпес,
Сондадағы мерт етпес! -
Деп байлаулы тұрган інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындагылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай: Мына мен "Бекболат, сен бір төбе, басқалар бір төбе еді” дегенге намыстангандай болдыңдар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсаңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындагы билеріне.
Сол арасын аңғара алмай отырмыз? - деген соң, Абылай: Білмесендер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті,- "Орал таудың түлкісі” деп ол өзін айтты. "Айнала кұса ит жетпес” деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы” деп мені айтты. "Ақ иық келсе тек кетпес” деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың дегені. "Сондагы мерт етпес” дегені ханнан халық күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылына салып, інімді жібер, жәбірің болса, айып алып бітерсің дегені” депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. ‘'Көп қорқытады, терең батырады” деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаймығып қайтып кетіпті.

Просмотров: 346

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.