Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0

Баталы ер арымас

Үльі жүздің арасында Қайдар деген жігітті ел билемекке
белгілейді.
Сонда көпшіліктің ішінде бұрын жол көргендері айтыпты:
- Сен Аргын Алшағыр биден бата ал, "Баталы ер арымас' деген. Онсыз билікке айтқан сөзінде пәтуа болмайды, - дейді. Содан кеиін Қайдар Алшагырга келіп сәлемдеседі. Алшағыр: "Шырағым, жолың болсын, қандай бұйымтайың бар еді?” - депті. Қайдар бір- екі ауыз сұрайтын сұрағым бар еді” ,- дейді.
- Бірінші тумай жатып әкем өлді, туган соң үш айдан сон шешем өлді. Ер жетіп мал таптым, тапқаным құралмайды, ұраға жыгылады, ұры алады, өле береді. Жасымда жетім қылып зарлатты, өскен соң кедей кылып зарлатты, өскен соң кедей қылып қаксатты. Мен құдайдың несін алдым? Осыған айтар акылыңыз бар ма- депті.
Алшағыр айтыпты:
- Балам, сен жетім емессің ғой, дүниеде үш жетім бар.
Басшысы келіспесе ел жетім, ұқпасқа айтқан сөз жетім, жаңбырсыз жер жетім. Ол жетімдіктерге сен жатпайсың.
Бақ-дәулет келер болса,
Отыңның басы ұйым болар, үйің күнде мейман-жиын болар.
Кедейлік келер болса,
Бұта түбі үйің болар.
Кедейлікке қарсы тұр Келетұғын көрінбей.
Бір мінсе иығыңнан түспейді.
Қайнатқан қара желімдей.
Қарау болма ашық бол,
Сараңдыққа берілмей Мал тап, алысқа кет,
Жалкаулыкқа жеңілмей.
Мал арьістанның аузында,
Түрікменнің төрінде,
Табарсың оны қайраттансаң ерінбей.
Бак - дэулет келуіне мен кекпіл,
Ар- ұятыңды төкпей жүрсең, елірмей,
Атың Қайдар екен, айдарсың,
Топтап малды байларсың.
Тасымай жүр, тасыган төгілер Ақылмен жүрсең рулы елді жайларсың, - деп ақылын айтып, батасын беріпті

Просмотров: 405

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.