Цитата № 184 - Шешендік сөздер - Цитаты на казахском языке (Нақыл сөздер).








Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0

Түзде жүрсем батырмын

Толыбай деген кісі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай-мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан:
- Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр! - дейді.
- Ағалейкуміссалам, жайсаң мен қасқалар,
Кедейшілік ердің түсін басқалар.
Дүзде жүрсек батырмыз,
Үйде отырсақ қатынбыз,
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмыз.
Таудан үлкен талабым бар,
Ит ішпейтін шалабым бар,
Түссендер міне лашық,
Кетсеңдер жолдарың ашық!- депті Толыбай шешен. Сонда келген адамдар разы болып, ат, шапан беріп қасына ала жүрген екен.

Просмотров: 329

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.