Цитата № 181 - Шешендік сөздер - Цитаты на казахском языке (Нақыл сөздер).








Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0

Мүсет пен саққұлақтың қағысуы

Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ Мүсетті бұрын көрмеген екен.
- Кімсің- ей? - депті.
- Уа, мен Керей Мүсетпін, - депті.
- Е, Керейдің торы алалы жылқысын құртқан кесірлі Мүсет Сен бе едің? — депті.
Сонда Мүсет:
- Е, кешегі заманда елінді жау шауып, қызыңды қатын,
қатынынды отын қылған екен, о да менің қырсығым болғаны ма? - депті. Саққұлақ сөзден тосылып қалып, қылышын ала ұмтылыпты. Мүсет үндемей үйден шығып кетіпті. Оны көріп Нұралы алдынан шығып, сәлем беріп:
- Е, Мүсеке, би атама сәлем бермедіңіз бе, жол болсын? -
депті.
- Ағама барып едім, жынданып жатыр екен, - депті Мүсет.
- Олай болса, би, біздікіне жүріңіз, қонақ болыңыз, - депті Нұралы.
Мүсет "жарайды” депті де ілесіпті. Есікке жақындағында бұрылып Саққұлақ Мүсеттің сәлемін алып:
- Эй, Мүсет-ай, жарайсың, мені екі өлімнен алып қапдың-ау, жұрт мақтаса - мақтағандай екенсің,- депті. - Өйткені мен қылыш ала ұмтылғанда шабуым керек еді, шаптырмадың. Ол бір. Екінші, сол бетіңмен кетіп қалмай, қайта келіп сәлемдесіп отырсың, бұдан артық білім бар ма?

Просмотров: 257

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.