Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0

Алған жарың жақсы болса 

Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек - "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?”- деп тамашалап, жүре қоймай отырганда, үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя беріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар?
Құданың құдыретіне қарап тұрсам,
Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.
Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар.
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай,
Әлде де қоңыр қаздан дәмесі бар,- депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған бала жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса - Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!- депті.

Просмотров: 355

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.