Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0

Жақынды жаралама, алысты қаралама 

Мапайсарының аулы төменгі Топайлы қаласының аузында екен. Сырым аулына келгенде қарт азгантай қойының алдында жүр
екен.
- Аға кім болдыңыз? - деп сұрапты.
Малайсары:
- Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй танамыз-дағы, - депті. Сонда Сырым:
- Тананың қайсысың? Жеті үй - Жиенбекпісің? Бес Үй Бессарымысың? Тышқан құлақ - Асанбысың? Төлеуден алған Құнанбысың? - дегенде Малайсары:
- Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың? Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген, бір қу аяқ баласы атқа мінді деп естіп едім. Сен сол бала боларсың, - депті. Сонда Сырым: "Пәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз - мына астымдагы атым, шапаным мынау! - деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті.

Просмотров: 440

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.