Цитата из категории "Шешендік сөздер"
0

Білгендерден ғибратал 

Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шагында, Эсер би көрісе кеп былай деген екен:
- Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы, - депті.
Сонда Абыз былай дейді:
Ата-ананың қадірін Балалы болганда білерсің.
Ағайынның қадірін Жалалы болганда білерсің.
Балалықтың қадірін Саналы болганда білерсің.
Асыл менен жасықты Бағалы болганда білерсің.
Бостандықтың қадірін Жабылганда білерсің Қалтандағы ақшанды Қағылғанда білерсің. 
Ден саулықтың қадірін Ауырғанда білерсің Ак бекетіңнің қадірін Қан кеткенде білерсің Жиырма бестің қадірін Жас өткенде білерсің. Қара көздің қадірін Нұр кеткенде білерсің. Татулықтың қадірін Дос кеткенде білерсің. Жақсы әйелдің қадірін Өлгенінде білерсің. Жақсы туыс қадірін Көмгенінде білерсің. Аяқ-қолдың қадірін Ақсағанда білерсің. Отыз тістің қадірін Қақсағанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін Тоқтағанда білерсің Білгеніңці сөйлеп қап, Білгендерден ғибрат ал!

Просмотров: 546

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.